«Степногорск қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2025 жылғы 03 маусымда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Рахимжанов Степногорск қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту мәселесі бойынша Степногорск қалалық мәслихатының кезекті сессиясы жұмысына қатысты.

        Степногорск қалалық мәслихатының сессиясында қала әкімі Г.Қ. Қасенов тиісті баяндама жасады.

        Депутаттар назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Степногорск қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды ұсынылды.

        Қорытындыда 2024 жылы қала бюджетінің атқарылуының негізгі проблемалық мәселелері атап өтілді, қала бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау келтірілді. Бюджеттің атқарылуы кезінде кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді.

        Қала бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді.

        Жалпы, қала бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1011604?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді