ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ХЭЙЛУНЦЗЯН ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА ІСКЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ҚХР-дың Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Цисян Чжанды қабылдады. Кездесуде екі аймақ арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы Түркістан облысының әлеуетін таныстырды.
Бір топ инвестор мен делегацияны бастап келген Цисян Чжан қонақжай пейілмен қарсы алған өңір басшысына алғысын білдірді. Аймақты дамытуға инвестиция тартуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсететінін жеткізді.
Кездесу барысында Түркістан облысы мен Хэйлунцзян провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қойылды.
Хэйлунцзян – Қытайдың солтүстік-шығысындағы аймағы, 30 миллионнан астам халқы бар. Ауыл шаруашылығы, өндірісі дамыған аймақ. Енді осы аймақ пен Түркістан облысы арасында іскерлік байланыс нығаяды.
Кездесуден кейін шетелдік инвесторлар облыстағы өндірістік алаңдарды аралап, әлеуетімен танысты.
Айта кетейік, соңғы 15 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал Түркістан облысының көрші елмен өзара тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 149 млн. АҚШ долларын құрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1013445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді