ТЖМ медициналық авиациясы жаңа туған нәрестені тасымалдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы Қызылорда – Жосалы – Қызылорда бағыты бойынша медициналық авиация желісі бойынша шұғыл ұшуды орындады. Ұшудың мақсаты дүниеге келген нәрестені тасымалдау болды.
Нәрестені тасымалдау реаниматологтар бригадасының сүйемелдеуімен, ұшу кезінде баланың өмірлік маңызды функцияларын қамтамасыз ету бойынша барлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.
Ұшу әуе кемесінің командирі Данияр Мырзахметовтың, екінші ұшқыш Бейсенғали Тоғызбаевтың басшылығымен өтті.
Экипаждың және медициналық топтың нақты, үйлесімді іс-қимылдарының арқасында сәби Қызылордадағы мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1013333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді