Ұлытау: 2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

    Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Ұлытау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

    Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану салаларындағы жемқорлық тәуекелдері жан-жақты талқыланды.

    Комиссия мүшелері бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларының есептерін тыңдап, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған негізделген ұсыныстарын енгізді.

    Бұған дейін берілген ұсынымдардың орындалу барысы және олардың тиімділігі сарапқа салынды.

    Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

    Облыс әкімі Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу шаралары және жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген мониторингтер мен сыртқы талдаулар шеңберінде берілген ұсыныстардың нәтижелілігін атап өтті.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша Департаменті өз қызметінде «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында ашықтық, парасаттылық, заң алдындағы теңдік және жазаның бұлтартпастығы қағидаттарын ұстанады.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/1013353?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді