Жетісу полицейлері Азия чемпионатында топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21–26 мамыр аралығында Иорданияның Амман қаласында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті.

Полиция майоры Қуандық Қаирбекұлы Есенеев 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Бұл — оның халықаралық деңгейдегі алғашқы алтын медалі емес, алайда Азия чемпионатындағы жеңісі — спорттық жолындағы үлкен жетістік.

Ал +94 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен полиция аға лейтенанты Дәурен Бірлікұлы Ауданбаев күміс жүлдегер атанды. Ол финалдық белдесуде шеберлік пен төзімділік танытып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кету керек, джиу-джитсу — тәртіп пен шыдамдылықты, мықты дене дайындығын талап ететін жекпе-жек өнері. Бұл жетістіктер Жетісу полицейлерінің тек қызметте ғана емес, спортта да үздік екендіктерін дәлелдеді.

Жетісу облысы Полиция департаменті чемпиондарды құттықтап, олардың жеңісі жас қызметкерлерге үлгі болатынын атап өтті. Мұндай жетістіктер – ішкі істер органдарының абыройын арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға да серпін береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1012952?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді