Жиі қойылатын сұрақтар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндетін атаңыз?

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық – құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

 

       Ақтас кентіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың басты мақсаты?

Жергілікті өзін – өзі басқарудың негізгі міндеті-әлеуметтік-экономикалық дамуға, абаттандыруға, өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуді, сондай-ақ жергілікті халықтың мүдделерін білдіруді қоса алғанда, аумақты жергілікті деңгейде басқаруды қамтамасыз ету.

 

       Ақтас кентінің жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің түпкілікті қорытындысы?

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және Ақтас кентінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің нәтижесі жергілікті халықтың әл-ауқаты мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық өсу үшін жағдай жасау және жергілікті деңгейде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

 

       Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы жұмысының мақсаты қандай?

Кәсіпорын қызметінің мақсаты – мазмұнды бос уақытты, шығармашылық әлеуетті, балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуін ұйымдастыру, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың демалысы, мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

 

       Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы қандай қызмет түрлерін жүзеге асырады?

Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

 1) Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен салттарды сақтау, насихаттау, оларды Қазіргі тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;

2) Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді, концерттерді, ән және би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;

3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

4) мәдени-сауық қызметі мен халық шығармашылығында озық тәжірибені зерделеу, қорыту, көпшілікке тарату, оны енгізу және тарату;

5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;

7) мәдени-сауық қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, түрлі мәдени акцияларды, ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау;

8) халық және өзіндік шығармашылық ұжымдарының ақылы спектакльдерін, концерттерін, демалыс кештерін ұйымдастыру;

9) клуб құрылымдарын, өзін-өзі өтейтін үйірмелерді, түрлі бағыттағы курстарды дамыту.    

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saran-aktas/press/news/details/1005032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді