Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жылғы 22 мамырда өткен Қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурста лот №1 «Орал қаласы – Ақтау қаласы» маршруты бойынша «Caspian Trans Corporation»ЖШС 152,5 балл жинап, жеңімпаз болып танылғанын хабарлайды. Орал қаласынан жөнелту уақыты – сағат 07:00.

Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурста №121 «Ақсай-Орал-Ақсай» маршруты бойынша «Батыс Авто Парк» ЖШС 307,5 балл жинап, жеңімпаз болып танылды. Орал-Ақсай қалаларынан күн сайын қарсы бағытта, бір уақытта сағат 10:00; 12:00; 14:00 және 16:00-де жалпы саны 8 рейс орындалады.

Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы сілтеме арқылы жалғанады.

Қосымша ақпарат алу үшiн телефондар: 8 (7112) 51-92-63, 51-91-64

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kolik/press/news/details/1005050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді