🥇ӘЛЕМДІК ДОДАДА ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА АЛҒАШҚЫ АЛТЫНДЫ САЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Арменияның астанасы Ереванда самбодан Әлем кубогі сарапқа салынуда. Әлемдік доданың
алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. 18 елдің спортшыларын жинаған дүбірлі жарыста отандастарымыз төрт бірдей жүлдеге ие болды. Солардың ішінде 59 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Ордабасылық жерлесіміз Маржан Бизақ жауынгерлік самбодан алтын медаль жеңіп алды.
Жеңімпаз жерлесіміз Маржан Бизақ — ауданымыздағы Бөржар ауылдық округіне қарасты шағын ғана Бірлік ауылында дүниеге келген. Қазақы тәрбиемен өсіп, қарапайым ауыл өмірінен қанаттанған бойжеткен бүгінде халықаралық ареналарда ел абыройын асқақтатып жүр.
Ордабасы топырағынан түлеп ұшқан Маржан Бизақтың бұл жеңісі — жастарымызға үлкен үлгі болып, болашақ чемпиондарымызға шабыт берері анық. Ауданымызда спортшыларға қолдау көрсету қашан да басым бағыттардың бірі болып қала бермек.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1013764?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді