4- маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4- маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері мерекесі.

⚜️ Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі, бірлігі мен егемендігінің нышаны ретінде әрбір азаматтың жүрегінде орын алады.

⚜️ Біздің рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Гимн – ұлттық мақтанышымыз, тарихымыздың, мәдениетіміздің және болашаққа деген сенімділіктің көрінісі.

 Рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Рәміздеріне құрмет көрсету, жастардың отансүйгіштік сезімін арттыру, болашақ ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыру мақсатында “Ел рәміздері – еркіндік нышаны” атты мерекелік кеш өткізілді.

✨ Кеш барысында жастарға Рәміздер туралы толық мағлұматтар беріліп, рухты өлеңдер оқылып, патриоттық бейнематериалдар көрсетілді.

💫 Кеш қонақтары арасынан бас маман Әби Айнұр мерекемен құттықтап, рәміздерге құрмет көрсету отанға деген құрмет екендігін ерекше атап өтті.

🏛️ Кеш соңында кітапханамыздағы тұрақты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-zharkamys/press/news/details/1013981?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді