Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс кеңесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бекітілген кестеге сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық департаменттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесінде ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірқатар аумақтық департаменттердің Әдеп жөніндегі уәкілдері есеп берді.

Өз кезегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Гаухар Сұлтанқызы Каткенова 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша кеңінен баяндама жасады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Зина Сапуанқызы Байғаскина ұжымдадарда өткізіліп жатқан спорттық, мәдени іс-шараларға, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Сондай-ақ, жұмыс кеңесінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Зина Сапуанқызы Байгаскина және Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі Айгерім Нәбиқызы Садубаева қызметтік әдеп нормалары бойынша аумақтық департаменттерге бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1014103?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді