
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.
Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов қатысты. Күн тәртібінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлім Сундетованың Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 235 «2025-2027 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ақпараты тыңдалды. Депутаттар ақпаратты тыңдап, талқылап, тиісті қаулы қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga/press/news/details/1012899?lang=kk

Жауап қалдыру