АММ 2025 – XV халықаралық тау-кен металлургия мерейтойлық конгресі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Iteca» қазақстандық көрме компаниясының шақыртуымен «Батысқазжерқойнауы» ӨД басшысы А.М.Оразгалиев а.ж. 4 және 5 маусым аралығында Астана қаласында өткізілген XV халықаралық тау-кен металлургия конгресі – Astana Mining & Metallurgy (АММ) 2025 мерейтойына қатысты.

         Форумның 2025 жылғы басты тақырыбы: «ГМК трансформациясы: жаһандық сын-қатерлер мен нарықтағы өзгерістерге жауаптар». 

         АММ 2025 конгресі мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен, Қазақстанның ірі жер қойнауын пайдаланушыларымен және халықаралық компаниялармен іскерлік қарым-қатынас жасау үшін бірегей мүмкіндік болып табылады. Бұл форум серіктестік қатынастарды дамытуға және саланың жетекші өкілдерімен тәжірибе алмасуға бағытталған.

         Форумда пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, өндіру және байытуға арналған заманауи шешімдер мен жабдықтар қарастырылды. Қазақстанның ірі жер қойнауын пайдаланушылары – ERG, KAZ Minerals, Kazzinc, Solidcore Resources өздерінің өндірістік қызметі және тауарларды, жабдықтар мен қызметтерді жеткізу қажеттіліктері туралы өзекті ақпараттарды ұсынды.

         Көрмеге Финляндия, Қытай, Швеция, Моңғолия және Тәжікстан геологиялық ведомстволарының өкілдері қатысты.

         15 жыл бойы AMM Конгресі Қазақстанның жаһандық шикізат жүйесіндегі сенімді әріптес ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ете отырып, мемлекет, бизнес және халықаралық инвесторлар арасындағы ашық диалог үшін платформа ретінде қызмет етеді.

        

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1012909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді