
АПВ-ға қарсы вакцинациялау әлемнің 135 елінде қолданылады. Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Латын Америкасы елдерінің көпшілігі адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакциналарды өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.
Жасөспірім қыздардың арасында АПВ-ға қарсы вакцинациялау тиімді екендігі дәлелденді. Аустралияда, АҚШ-та вакцинациялаудың әсерінен әйелдер арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.
Бүгінде қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау туралы шешім қабылдасаңыз, сіз оларды болашақта онкологиядан сақтайсыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1014075?lang=kk

Жауап қалдыру