
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қаладағы 26-шағын аудан 38-үй маңында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексерді.
Мердігер мекеме өкілі қала әкіміне шағын ауданішілік жолдардың шұңқырлы жөндеу және абаттандыру жұмыстарымен таныстырды. Қазіргі таңда 26 ш/а 38-үйдің ауласында автотұрақ салынуда. Осы ретте шаһар басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға сын айтылмауы үшін сапалы атқарылуын міндетті.
– Тазалыққа мән беру керек. Тұрғындардың бізге айтылатын наразылығы – жұмыстарыңыздың бағасы. Сол себепті бір жұмысқа екінші мәрте оралмау үшін осы бастан дұрыс әрі сапалы орындалуын қадағалаңыздар, деді Әбілқайыр Байпақов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1013947?lang=kk

Жауап қалдыру