Ақтауда бокстан біріншілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Полициясы күні мен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Ақтау қаласында ішкі істер, арнайы және күш құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер арасында Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен бокстан біріншілік өткізілді.

Аталған жарысқа Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2-орынды Нұғманов Нұрлан, 3-орынды Сүгірбаев Айбек пен Жұмамұрадұлы Адайхан иеленді.

Ерлік, тәртіп пен шеберліктің үлгісін көрсеткен әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1014025?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді