
Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) арнайы «Менің жазғы демалысым» бөлімі құрылды, ол 14 жастан бастап білім алушыларға (мектеп оқушылары мен студенттер) платформаға тіркелуге, жеке кабинетін құруға, түйіндеме жариялауға және қолайлы бос жұмыс орындарын өз бетінше іздеуге мүмкіндік береді.
16 жасқа дейінгі білім алушылар үшін тіркеуді және жеке кабинетті құруды заңды өкілдер (ата-аналар, қамқоршылар) жүзеге асырады.
Мектеп оқушыларына арналған қоғамдық пайдалы еңбектің ерекшеліктері: толық емес жұмыс күні немесе икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі; аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайда; арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігі.
Жастардың жұмысқа орналасуы үшін ата-анасының жазбаша рұқсаты қажет.
Құжаттар оқушының тұрғылықты жері бойынша қала/аудандық мансап орталықтарында қабылданады.
Айта кетейік, бағдарлама тек жаз айларында жүзеге асады. Оқушылардың оқу кестесіне, денсаулығына зиян келмейтін көмекші жұмыстар ұсынылады.
Сонымен қатар, Skills.enbek.kz платформасында оқушыларға және студенттерге жаңа дағдыларды үйрену үшін қызықты тегін онлайн-курстардан өтуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1013593?lang=kk

Жауап қалдыру