Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 маусым күні аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін қарап, сұрақтарына жауап берді.

Қабылдауға келген азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер:
Жүргенов ауылындағы Достық,Былшық би көшесінің жолын жөндеу туралы
Жеке тұрғын үйін жөндеу туралы
Жаңадан салынған үйінің жер-құжаттарын рәсімдеу туралы
Тұрғын-үймен қамтамасыз ету туралы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй бөлу туралы.
Жүргенов ауылында мал бағуға жер мәселесі

Барлық өтініштер бойынша заң аясында түсініктемелер берілді, және аудан әкімі лауазымды тұлғаларға өтініштердің орындалуын бақылауды тапсырды.

Азаматтарды жеке қабылдау әр аптаның сәрсенбі күндері өткізіледі. Алайда, маңызды мәселелермен келген азаматтарды жұмыс күндері кез-келген уақытта қабылдау мүмкіндігі бар (іс-сапар немесе жиналыстар болмаған жағдайда).

Алдын-ала қабылдауға жазылу үшін аудан әкімдігі ғимаратының № 5 бөлмесіне немесе 8(71339)22435 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Жеке қабылдауға келу үшін алдын-ала тіркеліп, мәселеңізбен өтініш білдіруге шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1013607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді