Ауданымызда 39 отбасы жаңа қонысқа ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласында 39 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қоныс тойын атап өтті.

➤ Кілт табыстау салтанатына аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пен тұрғындар қатысты. Аудан басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін атап өтіп, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

➤ Бұл жолы баспанаға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтар ие болды. Қуанышқа кенелген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыстарын білдіріп, бұл күнді отбасылары үшін тарихи әрі жарқын сәт деп бағалады.

– 8 жыл бойы кезекте тұрдық. Арманымыз орындалды. Балаларым енді өз үйімізде қуанышпен өмір сүре алады, – деді жаңа қоныс иесі Айгерім Жайлыбекқызы.

➤ Айта кетейік, бүгінде Шу ауданында 1900 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларға 50-ден астам баспана салынып, кілттері иелеріне табысталған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1014050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді