
Бүгін Төлеби ауданының Құрметті азаматы, ардақты ардагер Құрбан Нұрымбетовтің 90 жасқа толуына орай зейнеткерлер арасында бильярдтан ашық турнир өтті.
Салтанатты шараның ашылуында Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров ардагер Құрбан Нұрымбетовті мерейтойымен құттықтап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейтхан Ақтаев пен белсенді ардагерлер қатысты. Қатысушылар шеберліктерін көрсетіп, ойын барысында жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Аталған турнир ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған.
©Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1014004?lang=kk

Жауап қалдыру