Бұланды ауданында «Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру аясында шахмат турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру аясында Бұланды ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандық пробация қызметінде есепте тұрғандар арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды.

         Шара есепте  тұрған азаматтың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, конструктивті қарым-қатынас пен шешім қабылдау дағдыларын нығайтуға көмектесуге бағытталған. Аталған бағыттағы іс-шаралар пробация есебіндегі азаматттардың  әлеуметтік бейімделуіне, өзін-өзі тәрбиелеуді дамытуға және құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал ететін тиімді құрал болып табылады.

         Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1014044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді