«Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Қоғамда Заң мен Тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының барлық қалаларында бір уақытта «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Аталған акция Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Арал қаласындағы аудандық оқушылар үйі ғимаратында ұйымдастырылды.

Акцияға аудандық прокуратура, аудандық полиция, аудандық кірістер басқармасының қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасы, сот орындаушылар, нотариустар мен адвокаттар алқасының мүшелері және аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдердің өкілдері қатысып, аудан тұрғындарына қойған сауалдары бойынша тегін құқықтық кеңес берді.

Аталған науқан шеңберінде барлығы 20-дан аса азаматтар білікті заңгерлер мен тәжірибелі мамандардан тегін құқықтық көмек алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/1013637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді