МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ САПАСЫ ЖАҚСАРТЫЛДЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Мәшһүр Жүсіп елді мекенінің тұрғындары ауыз судың сапасына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені шешу үшін жергілікті билікке жүгінді. Тұрғындардың айтуынша, ауыз судың сапасы төмендеп, ішуге жарамсыз болған.
Аталған жағдайға байланысты аудан әкімі Мақсат Таңғатаров елді мекенге арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Қазіргі уақытта мұнда 120 үй орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Алайда су сапасына қатысты түскен шағымдардан кейін аудан әкімдігі шұғыл әрекетке көшті.
Мәселені шешу үшін су жүйесіне арнайы тазалағыш фильтр орнатылып, ауыз судың сапасын арттыру жұмыстары жүргізілді. Қазірдің өзінде сүзгіден өткен су тұтынуға жарамды күйде тұрғындарға берілуде.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров бұл мәселені жеке бақылауына алып, барлық қажетті инфрақұрылымдық шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1012907?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді