СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
🔰Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Алшынбаева семинар-кеңес өткізді.
🔸Семинар , Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы
бойынша департамент басшысының м.у.а. С.Алиманов және департамент қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Сондай ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы м.у.а. Е.Ергеш, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі С.Жанұзақов қатысып баяндама жасады.
🔸Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. «Мемлекеттік қызметшілердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» нормаларын сақтауы туралы.
2. Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарға алкогольден және (немесе) есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде болуларын, есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтынуының, көлік құралын алкогольден және (немесе) есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде жүргізудің алдын алу және оған жол бермеу туралы.
3. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту туралы.
🔸Жиын барсында департаменттің өзекті мәселелері талқыланып, тиісті шаралар қабылданып, алдағы уақытта халыққа сапалы және мерзімінде қызмет көрсету туралы нақты тапсырма берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1013837?lang=kk

Жауап қалдыру