
«МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ТУЫМ»: ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАУҚАНЫ ТҮРКІСТАНДА ЖАЛҒАСТЫ
✔️Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ел көлемінде «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты дәстүрлі «Менің Елім – Менің Туым» республикалық акциясын ресми түрде бастады.
✔️Акцияның басты мақсаты – Мемлекеттік Туға деген құрметті арттыру, елдік сана мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, жастардың бойындағы патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті нығайту.
✔️Партияның «Жастар рухы» жастар қанаты бұл жобаны бірнеше жылдан бері үздіксіз ұйымдастырып келеді. Соңғы үш жылда республика аумағындағы жүздеген елді мекенде Мемлекеттік Ту ілініп, мыңдаған жас өз үндеуін елмен бөлісті.
✔️Биылғы акция аясында да еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекеттік Ту орнату, түрлі патриоттық шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Аймақтарда бір мезгілде ту көтеру рәсімдері, автокеруендер, флешмобтар, спорттық шаралар және салтанатты жиындар өтуде.
✔️Аталған бастама Түркістан өңірінде де ерекше сипат алды. Акцияға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен жас белсенділер атсалысып, қала және аудан орталықтарында, ауылдық елді мекендерде ту көтеру рәсімдерін ұйымдастырды.
✔️Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әр азаматтың қасиетті борышы. Бұл науқан қоғамда, әсіресе жастар арасында, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. «Менің Елім – Менің Туым» акциясы – рухани жаңғырумен үндесіп жатқан, ұлттың ұлы құндылықтарын ұлықтайтын тағылымды іс.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————–
«МОЯ СТРАНА — МОЙ ФЛАГ»: ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНАЯ АКЦИЯ ПРОДОЛЖИЛАСЬ В ТУРКЕСТАНЕ
✔️Сегодня, 4 июня — в День государственных символов Республики Казахстан, молодёжное крыло партии «AMANAT» — «Жастар рухы» официально дало старт традиционной республиканской акции «Моя страна — мой флаг».
✔️Главная цель акции — повысить уважение к Государственному флагу, сформировать национальное самосознание и чувство единства, укрепить патриотический дух и гражданскую ответственность среди молодёжи.
✔️Молодёжное крыло «Жастар рухы» проводит этот проект непрерывно уже несколько лет. За последние три года в сотнях населённых пунктов по всей стране были установлены Государственные флаги, и тысячи молодых людей поделились своими обращениями с обществом.
✔️В рамках акции этого года во всех регионах страны планируется установка Государственного флага и проведение различных патриотических мероприятий. В регионах одновременно проходят церемонии поднятия флага, автопробеги, флешмобы, спортивные мероприятия и торжественные собрания.
✔️Эта инициатива получила особый отклик и в Туркестанской области. В акции приняли участие сотрудники областного КГУ «Молодёжный ресурсный центр», депутаты маслихата, общественные деятели, волонтёры и активная молодёжь. Во всех городах, районных центрах и сельских населённых пунктах были организованы церемонии поднятия флага.
✔️Уважение к государственным символам — священный долг каждого гражданина. Эта акция играет большую роль в формировании культуры почитания символов страны, особенно среди молодёжи. Акция «Моя страна — мой флаг» перекликается с идеями духовного возрождения и прославляет главные ценности нации.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1012866?lang=kk

Жауап қалдыру