Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институтын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтаждаушы, шебері лауазымынан бастаған.

2002–2008 жылдар аралығында Ташкент және Шымкент қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызметтер атқарған.

2008–2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, бас маманы.

2012–2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары.

2015 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2015–2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, Партиялық бақылау қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылы – ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК гидротехникалық құрылымдар бөлімінің жетекші маманы болды.

2016–2018 жылдары – ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2018–2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

2020–2023 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметін атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1014144?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді