Облыс басшысы мен Мәслихат төрағасы Ақсуат ауданын аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Берік Уәли мен облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков жұмыс сапарымен Ақсуат ауданына барды. Іссапар барысында облыс басшылығы Екпін, Кіндікті және Ақсуат ауылдық округтерін аралап, шалғай елді мекендердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.

Сапар аясында аймақ басшылығы Кіндікті ауылында жаңадан салынған фельдшерлік-акушерлік пунктке барды. Медициналық мекеме «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Делегация жаңа медициналық пункттің материалдық-техникалық базасымен танысып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына назар аударды.

Бұдан бөлек, облыс әкімі мен мәслихат төрағасы ауыл мектептерін аралап, мекемелерінің жай-күйін көрді. Сонымен қатар саябақтар мен спорттық инфрақұрылымның жағдайы зерделенді.

Облыс әкімі бастаған топ ауыл ақсақалдары, мұғалімдер және жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелер мен ұсыныстар ортаға салынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1013569?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді