
Өрт қаупі жоғары маусым кезеңінде халық арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Абдулабад тұрғын алабында профилактикалық іс-шара өткізді.
Шара барысында басқарма мамандары тұрғындармен жеке кездесіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде кеңес берді. Әсіресе, тұрғын үй секторында отты абайсыз қолдану, аулада құрғақ шөп пен қоқысты жағу, сөндірілмеген темекі тұқылы мен ашық от көздерінің салдарынан туындайтын өрт оқиғаларының жиілеп кету қаупі туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, мамандар дала және орман алқаптарында от жағудың қауіптілігіне назар аударды. Азаматтарға ашық алаңда от жағуға тыйым салынатыны, тек аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана отты қауіпсіз жерге жағып, оны толықтай өшіріп кету қажет екені ескертілді.
Өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша негізгі ескертулер:
•Қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеу;
•Балаларға отпен ойнауға тыйым салу;
•Үй және аулаларда өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау;
•Орман және дала алқаптарында отты мұқият қадағалау.
Еңбекші ауданы ТЖБ қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырып, кез келген өрт жағдайын немесе түтіннің байқалғанын жедел түрде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау қажеттігін ескертті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1014063?lang=kk

Жауап қалдыру