Қарағанды қаласында бау-бақша қоғамында жасалған бірнеше ұрлық фактісі әшкереленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамында жасалған бірнеше ұрлық қылмысын ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы елорда тұрғыны күдікке ілініп, ұсталды. Тергеу кезінде оның бау-бақша аумағынан бензинмен жұмыс істейтін су сорғысы мен генераторды жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды. Бұл әрекеті арқылы ол қала тұрғынына 256 мың теңге көлемінде залал келтірген.
Сонымен қатар, күдікті аталған қоғамда бұған дейін орын алған тағы үш ұрлық дерегіне қатысы бар екенін мойындады. Айта кетерлігі, кейбір зардап шеккен азаматтар мүліктерінің жоғалғанын әлі байқамаған. Ұрланған заттар тәркіленіп, айғақ ретінде алынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1013591?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді