“Қазақстан халқына” қоры СҚО-да үш спортзал мен балабақша салады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен жүздесті. Кездесуде солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қор денсаулық сақтау, білім беру, спорт және әлеуметтік қолдау салаларындағы басым міндеттерді шешуде айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Бүгін онкологиялық орталықта облыстағы алғашқы желілік үдеткіш іске қосылды. Балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылды. 13 тірек мектеп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оған қоса, үш спортзал мен балабақша салынбақ.

 

“Бұл жобалар өңірдің тұрақты дамуына зор үлес қосуда. Біз «Қазақстан халқына» қорымен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, өңіріміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз”, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1013545?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді