Қазақстанда жұқпалы емес аурулардың алдын алудың басым шарасы ретінде ас тұзын тұтынуды азайту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұзды шамадан тыс тұтыну артериялық гипертензия, инсульт және басқа жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі қауіп факторларының бірі ретінде танылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) тұзды тұтынуды тәулігіне 5 грамға дейін шектеуді ұсынады. Алайда, Қазақстанда, Қазақ тамақтану академиясы мен ДДҰ жүргізген зерттеулердің деректеріне сәйкес, тұзды орташа тұтыну бұл нормадан едәуір асып түседі -17 г, бұл қауіпсіз деңгейден 3 есе артық. Қазақстанда көп мөлшерде тұзы бар дәстүрлі өнімдерді өндіру үрдісі сақталуда, ал қайта өңдеу өнімдерінің пайда болуымен жағдай нашарлады, тамақ өнімдерінің зиянды компоненттері созылмалы аурулардың өсуіне алып келеді.

Бұл не үшін қауіпті?

Артық тұз — жоғары қысымның, инсульттің және жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі себептерінің бірі. Бұл «үнсіз өлтірушілер», өйткені олар ұзақ уақыт бойы өздерін танытпайды, содан кейін кенеттен инфаркт немесе инсультке әкелуі мүмкін.

Тұз көбіне мынадай тағамдарда жасырын болады:

– шұжық, сосиска, бекон;

– тұзды снеки, чипстер;

– тұзды соустар (мысалы, соя тұздығы);

– тез дайындалатын кеспе;

– нан және ұн өнімдері.

Пісіру кезінде және дастархан басында тағамға өзіміз тұз қосамыз. Не істеуге болады?

– тұзды күніне 5 г дейін шектеңіз (шамамен 1 шай қасық);

– тамақты аз тұздап алыңыз;

– тамаққа тұзды аз қосу;

– орамдағы құрамын оқу;

– тұздың орнына дәмдеуіштер мен шөптерді қолдану;

– жартылай фабрикаттар мен фаст-фудты тұтынуды азайту.

Ас тұзын азайту – оңай және арзан. Бұл жүрек, қан тамырлары денсаулығын сақтауға және созылмалы аурулардан аулақ болуға көмектеседі. Біз тамақтануды неғұрлым ерте бастасақ,соғұрлым ұзақ өмір сүреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1014072?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді