Қызылордада «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен флешмоб өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай айлық аясында және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында облыс көлеміндегі мектеп жанындағы лагерьлер «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен есірткіге қарсы флешмобқа қатысты.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар мен жастарды салауатты өмір салтына және олардың бос уақытын тиімді пайдалануға баулу. Флешмобқа қатысушылар өздерінің билері арқылы есірткіге деген теріс көзқарасты көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.  7 аудан мен Қызылорда қаласындағы мектеп жанындағы лагерьлерде де есірткіге қарсы флешмобтар өтті.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1013807?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді