Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жариялаған Профилактика жылы аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты кең ауқымды республикалық челлендж-флешмобы бастау алды.
Игі бастаманың мақсаты – қоғам назарын отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, отбасындағы агрессияға мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, ең бастысы – әрбір қазақстандық отбасында өзара құрмет, үйлесім мен қолдаудың құндылықтарын дәріптеу.
Осыған сәйкес, Шымкент қаласы Полиция Департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы, Шымкент қаласы Іскер әйелдер қауымдастығы, Гуманитарлық-экономикалық колледжі, «SAULE» би студиясы және «Талпын» оқу орталығы бірлесе отырып, «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында флешмоб ұйымдастырылды.
Одан бөлек Шымкент ҚПД ЖҚАЖ (жылдам қимылдайтын арнайы жасақ) қызметкерлері студенттерге өзін-өзі қорғау тәсілдерін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1014017?lang=kk

Жауап қалдыру