
Ағымдағы жылдың 5 маусымында “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ филиалының Қостанай қаласының №2 бөлімінің инспекторлары үшін тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абылай Дәрке коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шара барысында коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ құжаттарды қабылдау кезінде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, заңды тұлғаларды электрондық тіркеуге, басшыны өзгертуге, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге және “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы таратуға қатысты мәселелер айтылды.
Қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1012905?lang=kk

Жауап қалдыру