СҚО әкімі жазғы лагерде балалармен тілдесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданындағы «Оқжетпес» балалар жазғы лагерінде болды. Мұнда жазғыс демалыстың жаңа маусымы ашылды. 

“Балалардың жазғы демалысты белсенді, мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл-күймен бастағанына қуаныштымын”, – деп жазды өңір басшысы. 

Лагерьде балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысы үшін барлық жағдай жасалған: жөнделген корпустар, абаттандырылған аумақ, бейнебақылау, сапалы тамақтану, медициналық қызмет және әр тақырыпқа арналған қызықты ойын-сауық бағдарламалары.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі. Биыл  1–10 сынып оқушыларының 95%-ы түрлі демалыс және еңбекпен қамтылмақ. Бұл – 64 мыңнан астам оқушы.

Жазғы маусым облыстағы 10 лагерьде басталады, онда 6 мың бала демалады. Биыл 4 лагерь жаңартылды. 

“Біз әрбір баланың жазы – жаңа ашылымдарға толы, дамуға бағытталған әрі қауіпсіз, қамқор ортада өткен демалыс болуын мақсат етеміз”, – деп атап өтті облыс әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1014042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді