СҚО-да қатерлік ісікті емдейтін алғашқы желілік үдеткіш іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында маңызды оқиға — Онкологиялық орталықта қатерлі ісікті емдеуге арналған инновациялы желілік үдеткіш орнатылды. Бұл өңірімізде енгізілген алғашқы аппарат. Маңызды жоба «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асты. Бүгін СҚо әкімі мен Ғауез Нұрмұхамбетов қордың төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен бірге заманауи құрылғының мүмкіндіктерімен танысты.

“Бұған дейін біздің тұрғындар бұл қызметті алу үшін басқа өңірлерге баруға тура келетін. Енді жоғары технологиялы медициналық көмек өзімізде қолжетімді болды. Halcyon желілік үдеткіш пен  соңғы буындағы жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған компьютерлік томограф сәуле дозасын дәл есептеп, ісіктің шекарасын нақты анықтауға және сәулені тек зақымданған жасушаларға бағыттап, сау тіндерді зақымдамай ем жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл — емдеудің жаңа сапалық деңгейі және мыңдаған науқас үшін сауығуға үміт отын ұялатады”, – деп жазды өңір басшысы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1013530?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді