Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы 2025 жылғы 18 маусым күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 18 маусым күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.

 

Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.

 

  1. 2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы;
  2. Түркістан қаласы әкімдігінің «инфрақұрылым және коммуникациялар» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан қаласы әкімдігінің «жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

 

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1014019?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді