
2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен 608 (берілгені – 491, бас тартылғаны – 117) мемлекеттік қызметтер көрсетілген, соның ішінде:
– Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі – 215 (берілгені – 140, бас тартылғаны – 75);
– Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге – 312 (берілгені – 284, бас тартылғаны – 28);
– Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру – 4 (берілгені – 4, бас тартылғаны – 0);
– І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру – 11 (берілгені – 8, бас тартылғаны – 3);
– Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру 47 (берілгені – 46, бас тартылғаны – 1);
– Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензия беру 19 (берілгені – 9, бас тартылғаны – 10).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1014134?lang=kk

Жауап қалдыру