📌 Аппараттық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 маусым күні сағат 10:00-де облыстық білім басқармасының кіші залында кезекті аппараттық кеңес өтті.

👤 Кеңеске облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, орынбасарлар, басқарма құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, орталық директорлары мен қызметкерлері қатысты.
💻 Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшылары кеңеске онлайн форматта қосылды.

🟢 Кеңесте қаралған мәселелер:

1️⃣ Бөрлі, Бәйтерек аудандарының білім беру ұйымдарында өмірдің қиын жағдайындағы отбасылар мен олардың балаларына алдын-алу және оларды әлеуметтендіру бойынша білім беру бөлімдерінің жұмысын зерделеу
→ Баяндамашылар:
– Тржанова Айымгүл – Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы
– Баянова Айнагүл – Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің басшысы

2️⃣ Білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының қызметі туралы
→ Баяндамашы: Бижанов Ақан – облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының директоры

3️⃣ Ақжайық, Бәйтерек аудандары бойынша жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы
Баяндамашы: Есенова Ләззат – облыстық әдістемелік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының басшысы

4️⃣ Ғылыми жобалар мен олимпиадаларды ұйымдастыру туралы
→ Баяндамашы: Үмбетәлиева Жанаргүл – «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының басшысы

📍 Аппараттық кеңес барысында білім беру саласындағы маңызды бағыттар сараланып, нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1014778?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді