2025 жылы қала аумағында 6 мың гектардан аса жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл 808 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өнімдерін егу жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, дәндік жүгері – 415,0 га, майлы дақылдар – 24,0 га, қант қызылшасы – 32,0 га. «Н.Т.Женис», «Болтай» ШҚ, мал азығы дақылдары – 295,0 га, картоп – 410,0 га, көкөніс дақылдары – 5202 га, бақша дақылдары 38,0 га орналастырылды.

Бүгінгі күнге «Әулиеата» ауданында 253 шаруа қожалығы тарапынан арпа – 220,0 га, күздік бидай – 60 га және 32,0 га қант қызылшасы, жоңышқа – 115 га, картоп – 145,0 га, пияз – 512 га, жүгері – 175 га, көкөніс дақылдары 2011 га толық егілді.

Сонымен қатар, «Жібек жолы» ауданында 555 шаруа қожалығы тарапынан арпа – 62 га, күздік бидай – 140 га және майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) 24 га, жоңышқа – 180 га, пияз – 1025 га, жүгері – 240 га, көкөніс дақылдары 3191 га егілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1014323?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді