
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарын» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын қамту мақсатында «Балаларға жарқын жаз – 2025» қалалық бағдарламасы аясында «Абайды оқы, ерінбе» жобасын іске асыру бойынша үш күндік оқулар өткізді. Мақсаты – Абай шығармаларын оқу және білу. Үш бағыт бойынша қаланың «Детвора» жекеменшік мектебінің, 36 мектеп жанындағы лагердің 2-4 сыныптардың 114 оқушысы қатысты.
Оқу қорытындысы бойынша 72 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын – 6 оқушы, II орын – 23, III орын – 43.
І орынды «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында-қатысушылардың Абай шығармаларын жатқа оқуында № 18 мектептің 4-сынып оқушысы Шатов Никита, № 38 мектептің 3-сынып оқушысы Хавалхан Нұрислам иеленді. ІІ орынды № 14, 18, 25, 26, 35, 43, Қ. Бекхожин атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші мектептерінің оқушылары иеленді, ІІІ орынды № 2, 6 (2), 7, 14, 17 (2), 24, 29, 35 (2), 40, 43, Малайсары батыр атындағы, М. Жүсіп атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы мектеп оқушылары алды. Оқушылар Ұлы Абайдың шығармашылығын оқып, білетіндерін, оның шығармаларын жатқа білетіндерін көрсетті.
І орынды «Ұлы арман» бағытында – ақынның таңдау бойынша жыл мезгілдері туралы лирикалық өлеңдерімен байланысты тақырыпта иллюстрациялық сурет салуда № 14 мектептің 4-сынып оқушысы Түсіпбаева Карина, № 43 мектептің оқушысы Чашин Артур иеленді. ІІ орынды № 2, 6, 30, 39, м. Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Жетекші мектептерінің оқушылары, ІІІ орынды № 2, 7, 17, 24 (2), 26, 29, М. Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, Жетекші мектептерінің оқушылары иеленді. Оқушылар Абай шығармаларын, көркем шығармашылық техникасын меңгергенін көрсете алды.
І орынды «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән» бағытында Абай әндерін орындауда № 27 мектептің 4 – сынып оқушысы Камкова Елизавета, № 18 мектептің 2-сынып оқушысы Барышева Айнель иеленді. ІІ орынды № 2, 25, 26, Ш. Шөкин атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектептің оқушылары, ІІІ орынды № 17, 21, 29, 24, 35, 39, 40, 46, Малайсары батыр атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, С. Торайғыров атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы, Кенжекөл мектебінің оқушылары иеленді. Оқушылар өздерінің жоғары вокалдық қабілеттерін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1014825?lang=kk
Жауап қалдыру