«Айтылды-орындалды»: Тұрғын өтінішіне сәйкес 11-шағын аудан 14-үй ауласы абаттандырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
22 мамыр күні Азаматтарды қабылдаудың біріңғай күні аясында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовқа 11 ш/а 14 үйдің тұрғыны келіп, үй ауласын абаттандырып беруді өтінген еді.

Бүгін, 5 мамырда Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов аталған мекен-жайға барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Тұрғын өтінішіне сәйкес қолға алынған жұмыстарды сапалы әрі жедел атқаруды міндеттеген қала әкімі мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді.

– Кез-келген жаяу жүргінші үшін қолайлы жағдай болуы тиіс. Осы ретте жұмыстар сапалы атқарылсын, деді қала әкімі.

Сондай-ақ жүрмелі жиында үй ауласының автотұрағы мен жаяу жүргінші жолының мәселесі де көтерілді. Әбілқайыр Байпақов тұрғындардың бұл өтінішіне сәйкес жауаптыларға ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1013940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді