
Қайырлы күн, құрметті кездесуге қатысушылар, әріптестер және филиал қонақтары!
Сіздерді “БЖЗҚ” АҚ-ның дәстүрлі “Ашық есік күні” кездесуінде көргенімізге қуаныштымыз. Бүгінгі шара “Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары” тақырыбына арналған.
Мен, _____________________________________________, “БЖЗҚ” АҚ ______________________________________ филиалының директоры уақыт тауып, біздің іс-шараға қызығушылық танытқан баршаңызға зор алғысымды білдіремін. Кездесу пайдалы және мазмұнды болады деп үміттенемін.
Өздеріңіз білетіндей, соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне интернет желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.
Бүгін мамандарымыз зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.
Сондай-ақ, Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етіп, Сіздердің қосымша сұрақтарыңызға жауап береміз.
БЖЗҚ-мен бірге өткізетін уақыттарыңыздың тиімді болуына тілектеспін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/press/news/details/1014860?lang=kk
Жауап қалдыру