Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер арасында «Заң және тәртіп сақтаудағы үлесім» тақырыбында республикалық эссе-байқауын жариялайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткізу мерзімі:

Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін

Қорытындылау: 2025 жылғы 22 маусымға дейін

Марапаттау: 23 маусым 2025 жыл

Байқаудың мақсаты:

Мемлекеттік қызмет жүйесінде құқықтық сананы қолдау және заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайту.

Қатысушылар:

Республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық мемлекеттік қызметшілер.

Эссеге қойылатын талаптар:

– Көлемі: 1500 сөзге дейін (A4, Times New Roman шрифті)

– Тіл: мемлекеттік немесе орыс

– Формат: .docx немесе .pdf

– Мазмұны: мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылық қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жеке мысалдар, бастамалар, көзқарастар мен ұсыныстар.

Жүлде қоры:

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал үздік жұмыстар жарияланады.

Жұмыстарды мына мекен-жайға жіберу:

dgs15@bk.ru

(аты-жөні, лауазымы және жұмыс орны көрсетілген)

Ұйымдастырушы:

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

Атырау облысы әкімінің аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-atyrau/press/news/details/1014650?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді