Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоныс аударушыларға беру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Халықтың көші – қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес, қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы.

ҚР қолданыстағы жер заңнамасы негізінде, Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі.

Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру Жер кодекстің 81-бабына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға Жер кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының жаңа мерзіміне шарт жасасу құқығы беріледі.

Баяндалғанның негізінде ҚР Үкіметі айқындаған өңірлердегі қоныс аударушылар шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгінуге құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1014347?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді