
Бүгін бір кездері «Бай қала» деген қайғылы атқа ие болған, шоғырландыру лагері орналасқан, бұрынғы Түмен ауылының жұртында ескерткіш тасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жарқын ауылынан үш шақырым жерде ойдым-ойдым орланған, орны обадай елден оқшау, орман арасында, өткен ғасырдағы халқымыздың басына түскен нәубәттің нысаны жатыр. 1929-1934 жылдары мұнда шоғырландыру лагері орналасып, онда ауқатты шаруалар – бай-сұлтандар, болыстар, олардың отбасылары, бала-шағасымен бірге жер аударылған. Мұнда екі жүзден астам отбасы еш сотсыз, тергеусіз қуғынға ұшыраған.
Тарихшылар мен куәгерлер атап өткендей, лагерьдегі жағдай адам төзгісіз болған. Адамдар суықтан, аурудан, әсіресе, аштықтан зардап шеккен. Ең көбі балалар қайтыс болған. Тарихтың бұл қайғылы беттері ұзақ уақыт бойы үнсіз жабық жатса да, олар туралы естелік ұрпақтардың жүрегінде мәңгі қалмақ.
Ескерткіштің ашылуында сөз сөйлеушілер тарихи фактілермен, жер аударылғандардың өмірі, әділетсіз үкімдер мен бұзылған тағдырлар туралы пікірлерімен бөлісті. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылық оқиғалармен, қайғы-қасіреттерімен бөлісті.
«Бай қала» қайғы мен қасіреттің символына ғана емес, сонымен бірге оның қайталануына ешқашан жол бермеу үшін өткен трагедиялардан сабақ алудың үміт үніне айналды.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова, депутаттар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1012683?lang=kk

Жауап қалдыру