Целиноград ауданының әкімі прокуратура өкілдерімен бірге аудан аумағындағы фельдшерлік-акушерлік пункттердің (ФАП) жағдайын тексеру мақсатында жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында ФАП-тардың материалдық-техникалық жағдайына — ғимараттардың тозу деңгейіне, санитарлық нормаларға сәйкестігіне, сондай-ақ іргелес инфрақұрылымның жай-күйіне ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою және медициналық мекемелердің жұмыс істеу жағдайларын жақсарту бойынша тиісті шараларды қабылдау тапсырылды.
Аталған жұмыс аудан тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жүргізілуде.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1013934?lang=kk

Жауап қалдыру