Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған сыртқы қабырғаларды, шатырлы пәтерлі тұрғын үйлерді реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Бұдан бұрын Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 шілдедегі № 647/7 қаулысымен Екібастұз қаласы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, төбесін ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілген болатын.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 22 қарашадағы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес жергілікті атқарушы органдар көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жүргізбейді. ЖАО құзыреті көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарына ауыстырылды.
Жобаның мақсаты Қағидалардың ережелерін өзектендіру, “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру, сондай-ақ “Жалпы ережелер” тарауына өзектендіру және толықтырулар енгізу болып табылады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-inspekcia/press/news/details/1014775?lang=kk
Жауап қалдыру