Каракен Құралай Ануаровна

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Каракен Құралай Ануаровна, 1958 жылы 6 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. И.М.Сеченова атындағы Бірінші Мәскеу медициналық институтын бітірген 1976-1985). 1985 жылдан бастап дәрігер-эпидемиолог, кейін Ақтөбе қалалық СЭҚ тамақтану гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1998-2001 жылдары қалалық мемлекеттік санитариялық қадағалау басқармасының бастығы, 2001-2002 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, 2002-2003 жылдары Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болды. 2009-2019 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментін басқарды.
2012-2016 және 2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V және VI шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттердің мүшесі болды. “Құрмет” орденімен, ТМД Кеңесінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ денсаулық сақтау мен қоғамдық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін медальдармен және төсбелгілермен марапатталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1014703?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді