2025 жылдың 10 маусымында аудан әкімдігінің үлкен залында аудан әкімінің орынбасары Б.А. Сапановтың төрағалығымен қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның кеңесі өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жұмыссыздарды және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ босатуға жататын адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлігінде уәкілетті жұмыспен қамту органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/1014685?lang=kk
Жауап қалдыру