Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды

2025 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Ж. Айтақовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында мемлекеттік еңбек инспекторларына Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау міндеттілігі туралы түсіндірілді. Әдеп қағидалары — адалдық, әділдік, заңдылық, сыпайылық және азаматтардың құқықтарын құрметтеу болып табылады.
Сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, барлық мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде заң талаптарын қатаң сақтап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын орындауы қажет екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1014839?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді